RUEN
RUEN
Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі
«Kostanay Puppet Life»
2025 жылғы 17–20 қыркүйек аралығында өтеді
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ
Фестиваль не үшін өткізіледі?
Халықаралық «Kostanay Puppet Life» қуыршақ театрлары фестивалі қуыршақ өнерін насихаттау, шығармашылық ұжымдар арасында тәжірибе алмасу, қуыршақ театрларын қолдау мен дамыту, сондай-ақ өңірлер мен елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында өткізіледі.

Фестиваль кәсіби және әуесқой қуыршақ театрларын жинап, үздік қойылымдарды көрсетуге, шеберлік сағаттарын, шығармашылық кездесулер мен балалар мен ересектерге арналған интерактивті бағдарламалар өткізуге мүмкіндік береді.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Фестивальдің басты міндеттері қандай?
Фестиваль өнер, қиял және қуыршақтар төңірегінде түрлі елдер мен қалалардың қатысушыларын біріктіретін достық пен шығармашылық атмосферада өтеді.

Фестивальдің басты міндеттері:

  • Қазақстанда және оның шекарасынан тыс қуыршақ театр өнерін дамыту;
  • тәжірибе алмасуға арналған шығармашылық алаң құру;
  • жастардың театр өнеріне қызығушылығын арттыру;
  • өңірдің мәдени имиджін ілгерілету.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кімдер қатыса алады?
Фестивальге соңғы екі-үш жылда премьерасы өткен қойылымдары бар Қазақстан мен шетелдік қуыршақ театрларының кәсіби ұжымдары қатыса алады.

Әр театр фестивальге тек бір ғана қойылыммен қатыса алады.

Тұру, тамақтану және қала ішіндегі трансфер шығындарын ұйымдастырушылар төлейді.

Қатысуға өтініміңізді күтеміз!
ӨТІНІМ БЕРУ
Өнерде шекара жоқ — тек бірлік бар!
У искусства нет границ — только единство!
«Kostanay Puppet Life»
Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі
Өтінішті сайт арқылы форма толтырып немесе электрондық поштаға жіберуге болады: teatrkukolkst@mail.kz

Фестиваль 2025 жылдың 17-20 қыркүйегі аралығында өтеді.
ӨТІНІШ БЕРУ