RUEN
RUEN

Фестиваль туралы

Құрметті достар, қадірлі қонақтар мен әріптестер!

Биыл Қостанай облыстық қуыршақ театры өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл – өнерге шабытпен, шығармашылықпен және адалдықпен қызмет еткен төрт онжылдықтың шежіресін айшықтаған аса маңызды белес.

Театрдың тарихы 1986 жылдың 19 ақпанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қабылдаған «Қостанайда қуыршақ театрының ашылуы туралы» №70 Қаулысынан бастау алады. Сол жылдың 31 желтоқсанында Қостанайда алғашқы қойылым – М. Садовскийдің «Машенька» пьесасы бойынша спектакльдің премьерасы өтті. Содан бері сахна төрінде отандық және шетелдік классиктердің шығармаларына негізделген ондаған жарқын қойылымдар өмірге келді.

Осы жылдар ішінде театр талай талантты актерлерді, режиссерлерді, суретшілерді және қуыршақ өнерінің шеберлерін тәрбиелеп, бір шаңырақ астына біріктірді. Олар өздерінің шеберлігі мен өнерге деген сүйіспеншілігін көрермендерге аянбай сыйлап келеді. Табандылық, адалдық және шығармашылыққа деген тұрақты ізденіс театр ұжымына кәсіби ортада да, адал көрермендер жүрегінде де зор құрмет пен танымалдық әкелді.
Театр Қазақстан мен шетелдегі әріптестерімен белсенді ынтымақтастық орнатып, шығармашылық алмасу арқылы өнерді байытып, жаңа қырынан танытып, жаңа көкжиектерді ашуда.

Мерейтойға орай алғаш рет Қостанайда «Kostanay Puppet Life» атты халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтпек. Бұл өнер мерекесі Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіби ұжымдарды тоғыстырып, өнердің достық пен шабытқа толы мерекесіне айналмақ.
Бұл фестиваль барша қатысушыларға қуаныш пен тың жаңалықтар сыйлап, әрбір көрерменнің жүрегіне сиқырлы сезім мен ғажайыпқа деген сенім ұялата берсін!

Өнердің ғажайып әлеміне қош келдіңіздер!



ФЕСТИВАЛЬ ТУРАЛЫ 
ЕРЕЖЕ

«Kostanay Puppet life» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі
 

1-бөлім. Жалпы ережелер


Бұл Ереже «Kostanay Puppet life» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалін (бұдан әрі – Фестиваль) ұйымдастыру, өткізу және қатысу тәртібін реттейді.

Фестивальдің құрылтайшысы – Қостанай облысының әкімдігі мен         Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мемлекеттік мекемесі.

Фестивальдің ұйымдастырушысы – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық қуыршақ театры» КМК (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
Фестиваль өткізу мерзімі: 2025 жылғы 17–20 қыркүйек аралығы.

Фестиваль өтетін орны: Қостанай қаласы (Қазақстан Республикасы).

 

2-бөлім. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері
2.1. Қуыршақ театрларының шығармашылық ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
2.2. Өңіраралық және мемлекетаралық мәдени байланыстарды дамыту, кәсіби қуыршақ өнерін насихаттау.
2.3. Қуыршақ театры мамандарының кәсіби деңгейін және орындаушылық шеберлігін арттыру.
2.4. Қазақстан мен шет елдердегі қуыршақ театрлары өнерінің заманауи шығармашылығы, түрлері мен формаларының әртүрлілігімен танысу.

3-бөлім. Фестивальдің ұйымдастыру комитеті
3.1. Фестивальдің ұйымдастырылуы мен өткізілуін Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады.
3.2. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Фестивальдің Ұйымдастырушысының бұйрығымен бекітіледі.
3.3. Ұйымдастыру комитеті келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілген материалдарды қарастырып, үздік спектакльдерді таңдап, Фестиваль қатысушыларын анықтайды.

4-бөлім. Фестивальге қатысу шарттары
4.1. Фестивальге соңғы екі-үш жыл ішінде премьерасы өткен (балаларға немесе ересектерге арналған) спектакльдері бар Қазақстан мен шетелдердің кәсіби қуыршақ театрлары қатыса алады.
4.2. Әр театрдан Ұйымдастыру комитетінің іріктеуінен өткен 1 (бір) спектакль Фестивальге қатыса алады.
4.3. Фестивальге қатысатын театрларға спектакль көрсету үшін гонорар төленбейді.
4.4. Ұйымдастыру комитеті алдын ала жіберілген өтінімдер, спектакльдің бейнежазбасы мен фотоматериалдарын зерттеу негізінде іріктеу жүргізіп, театрды шақыру туралы шешімді қабылдайды және бұл туралы жазбаша түрде 2025 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей хабарлайды.
4.5. Қатысушы театр делегациясының құрамы актерлерді, ресми делегация мүшелерін және техникалық персонал қызметкерлерін қоса алғанда, 10 (он) адамнан аспауы тиіс. Делегация құрамының саны асып кеткен жағдайда, қосымша қатысушылардың шығындарын жіберуші тарап өз мойнына алады.
4.6. Ұйымдастырушылар Фестиваль өткізу кезеңінде қатысушы театрлардан 10 (он) адамға дейінгі құрамның Қостанай қаласындағы тұру, тамақтану және трансфер шығындарын жабады. Қостанай қаласына дейінгі (келу, кету, декорацияларды тасымалдау) барлық шығындарды қатысушы театр өз мойнына алады.
 

5-бөлім. Фестивальге қатысу ережелері
5.1. Фестивальге қатысу үшін театрлар 2025 жылғы 15 сәуірге дейін teatrkukolkst@mail.kz электрондық поштасына келесі материалдарды жіберуі тиіс:

  • Фестивальге қатысуға арналған өтінім, №1 қосымшаға сәйкес рәсімделген;
  • спектакльдің техникалық сипаттамасы, №2 қосымшаға сәйкес рәсімделген;
  • Фестивальге қатысушылар тізімі, №3 қосымшаға сәйкес жіберіледі;
  • спектакльдің толық және сапалы бейнежазбасы (бейнежазбаның сапасы нашар болған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті өтінімді қарастырмауға құқылы);
  • жарнамалық роликтер үшін спектакльдің қысқаша бейнежазбасы (1 минуттан аспауы тиіс);


Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы «Облыстық қуыршақ театры» КМҚК
 

📍 Мекенжай :
Қостанай қ., Перронная көш., 20

📞 Анықтама телефондары:

  • Касса: 8 (7142) 90-11-39
  • Әкімші: 8 (7142) 90-10-29
  • Қабылдау бөлмесі: 8 (7142) 53-64-03

📧 E-mail: teatrkukolkst@mail.kz
🌐 Ресми сайт:
https://www.teatrkukol-kst.kz

📱 Әлеуметтік желілер:

YouTube: YouTube Channel

 

Жүктеп алу

Өнерде шекара жоқ — тек бірлік бар!
У искусства нет границ — только единство!
«Kostanay Puppet Life»
Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі
Өтінішті сайт арқылы форма толтырып немесе электрондық поштаға жіберуге болады: teatrkukolkst@mail.kz

Фестиваль 2025 жылдың 17-20 қыркүйегі аралығында өтеді.
ӨТІНІШ БЕРУ