Көлеңкені Жандандыратын Суретшілердің Театр Бірлестігі (КЖСТБ)
Челябі,РФ
«Аңдар детективі. Қасқырдың апанында»
/ Үлкен экрандағы қуыршақ көлеңкелі детектив/
Авторы: А.Старобинецтің әңгімесінің желісімен
Режиссёрі: С. Черепанов
Суретшісі: Э. Лобзанова
Музыкамен көркемдеген: Платон Газелериди джаз ансамблі
Тәжірибелі тергеуші Борсық пен оның көмекшісі Барсукот алыс орманда болған қылмысты тергеп жатыр — біреу қоянды жеп қойған. Барлық дәлелдер сәтті қолға түсіп, қамауға алынған қасқырға әкеледі, бірақ мұнда бір гәп бар сияқты.
Аңдардың айласы, сатқындықтары мен қылмыстары отбасылық көрерменге арналған детективтік нуар жанрында ашылады.
Анна Старобинецтің баяндауындағы күлкілі әрі тапқыр әңгіме дәл проекция театрына арналып жазылғандай. Детектив оқиғасының атмосферасында адамның эмоциялары мен сезімдерін өзіне тән пластикалықшектеулілігі арқылы айрықша дәлдікпен жеткізу үшін ерекше күшке иесилуэттік қуыршақ алдыңғы қатарға шығады. Көлеңке сияқты шындықты сәлбұрмалай отырып, қуыршақ көрерменге кейіпкерлердің ең маңыздысипаттамаларын жеткізеді, ал жазушының керемет мәтіні әр айтылған сөзбеналыс орманның құпияларына жетелейді.
Спектакль жұмбақ шешуді ұнататын балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты болады. Олар қойылымнан ересектер әлемін мекендейтін көптеген күлкілі әрі өзекті тақырыптарды табады.
Ұзақтығы: 50 минут
Жас санаты: 6+
Спектакль орыс тілінде.