Мемлекеттік автономдық мекемесі
«Қорған театр-концерттік бірлестігі»
«Гулливер» Қорған қуыршақ театры, Ресей
«Журавль и цапля»
/орыс халық ертегісінің желісімен/
Режиссёрі: Я. Громова
Суретшісі: К. Вербицкая
Музыкамен көркемдеген: Е. Фисенко
Балалық шақтан таныс тырна мен құтан жайлы хикая сыған романстарының сүйемелдеуімен баяндалады.
Суретшінің шеберханасындағы үстел үстіндегі қарапайым заттардан өмірге келген қуыршақ кейіпкерлері — тырна мен құтан бір-бірінің жүрегіне жол табады, ал басты кейіпкер — жалғыз басты суретші — өз бақытына қол жеткізеді. Оның жан дүниесі, ой толқыны мен сезім иірімдері Кристина Вербицкая жасаған қуыршақтар мен сценография арқылы көрініс табады.
Заттар, қағаз, арқандар, маталар спектакльде қызықты пішіндер жасау құралына айналып, басты кейіпкердің әлемінде бұл пішіндер тіршілік табады.
Ұзақтығы: 50 минут
Жас санаты: 6+
Спектакль орыс тілінде.