RUEN
RUEN

Маңғыстау

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» МКҚК.
«Дастархан»
/ертегі/

Авторы: Н. Насырова
Режиссёрі: Н. Насырова
Суретшісі: Г. Канафина                                                                                          
Музыкамен көркемдеген: Н. Насырова

«Дастархан» спектаклі «Айжан әжейдің ертегісі» спектаклінің жалғасы ретінде қойылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауында, рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтап, бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта жаңғырту болатын. Осы мақсатта қойылған бірден-бір спектакль «Айжан әжейдің ертегісі». 
Бұл спектакльде балаларға қой жүнінен тұрмыстық қажеттілікте пайдаланылатын халқымыздың түрлі бұйымдарының жасалу тәсілдерін ұғындырсақ, «Қайта жаңғырған өрнектер» спектаклінде қазақ халықының ою-өрнектерінің пайда болуы жайлы түсінік бердік.
Баршамызға белгілі, қазақ халқы көшпелі өмір сүрген. «Дастархан» спектаклінде сол көшіп-қонуға арналған киіз үйдің ішіндегі күнделікті  пайдаланылатын ыдыс-аяқ арасында өзара келіспеушілік болып, үй иесін кешкі ассыз қалдырады. 
Міне осы сәтте, олардың татуласуына Айжан әжейдің ертегісінің септігі тиеді.

Ұзақтығы: 35 минут
Жас санаты: 5-10 жас
Спектакль орыс тілінде
 

Өнерде шекара жоқ — тек бірлік бар!
У искусства нет границ — только единство!
«Kostanay Puppet Life»
Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі
Өтінішті сайт арқылы форма толтырып немесе электрондық поштаға жіберуге болады: teatrkukolkst@mail.kz

Фестиваль 2025 жылдың 17-20 қыркүйегі аралығында өтеді.
ӨТІНІШ БЕРУ