Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «С. Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры» КМҚК
«Күй құдіреті»
/аңыз/
Авторы: Ү. Молдаберген
Режиссёрі: З. Тұрсымұратова
Суретшісі: Ж. Сәрсенов
Композиторы: Ү. Абдулаева
Спектакль Жошы ұлысының құрылғанына – 800, «Ақсақ құлан» күйінің шыққанына – 780 жыл толуына арналған.
Ұлы қаған Шыңғысханның баласы Жошы аң аулау кезінде қаза табады. Бұл қаралы хабарды оған жеткізуге ешкімнің батылы бармайды. Ұлтымыздың киелі қазынасы, көненің көзі, сырлы шежіресі, кең даланы мекен еткен халқымыздың ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы – домбырадан әуелете төгілген күй тілімен дәулескер күйші Кетбұқа оған Жошының өлімін жеткізеді. Осылайша Кетбұқаның тапқырлығы арқасында, жаманат хабарды жеткізушіні өлімнен құтқарған «Ақсақ құлан» күйі дүниеге келеді. Күй құдіреті деген –осы.
Ұзақтығы: 45 минут
Жас санаты: 5+
Спектакль қазақ тілінде.